Жаңажол-Ескелді бағытындағы көпірді су шайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңажол-Ескелді бағытындағы көпірді су шайды

12.04.2018

Қар суынан Баянауылдағы Ащысу өзені көтеріліп Жаңажол-Ескелді бағытындағы шағын көпірді су басты. Дегенмен, қазір көліктер еш кедергісіз әрлі-берлі өтуде. Былтыр бюджеттен қаржы бөлініп, екі бірдей бөгет салынған болатын.  Ағын су көпірге кептелмеуі үшін ұзындығы 800 метр, ені 12 метрлік суағар жасалды. Сол арна арқылы Қарағанды жақтан келетін тасқын су Ащысу өзеніне құйылуда. Көктем сайын су басатын Қараащы ауылына биыл еш қауіп жоқ.

Ғалым Әмиев, Сәтбаев ауылдық округінің әкімі:

- Алғашқы су  осыдан 10-15 күн бұрын өткен болатын. Одан кейін екінші легі үш күн бұрын келді. Биылғы жылы судан еш қауіп жоқ деп ойлаймыз. Алдын алу жұмыстары аудан көлемінде, біздің ауылдық округ көлемінде жасалды.   

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу