Басшылық қызметтегі әйелдердің саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Басшылық қызметтегі әйелдердің саны артып келеді

12.04.2018

Бүгінгі күні Сенат пен Мәжілісте 29 әйел депутат мандатына ие болса, мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан көбі – қыз-келіншектер. Бұл туралы «Қазақстандағы әйелдер құқығы: мүмкіндіктер мен кедергілер» тақырыбында өткен конференцияда айтылды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік индексіндегі көрсеткішіміз де жаман емес. Қазақстан 144 елдің арасында 52-ші орында. Оның ішінде білім бойынша 48, денсаулықта 36, экономикаға әйелдердің қатысуы жөнінен 30-шы орындамыз.  Аталған бағытта теңдік орнағанымен, тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен жалғызбасты аналардың мәселесі мәз болмай тұр. Жиынға қатысушылар осыларды болдырмаудың жолын іздеп, өз ойларын ортаға салды.

Аида Айдарқұлова, «Сорос-Қазақстан» қорының бағдарламалар директоры:

- Конференцияның қорытындысында негізгі ұсыныстар әзірленеді. Бұл қорытынды ұсыныстарды тек мемлекеттік органдар емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мүшелеріне және қоғамдық ұйымдарға арнамақпыз. Себебі, кедергі, шектеулермен жұмыс істеу мемлекеттің ғана міндеті емес, барлық қоғамның міндеті.       

Досымжан ЕРМҰРАТ            

Хабарламаларға жазылу