Шығыс Қазақстанда 2 миллиардқа жуық қаржы игерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 2 миллиардқа жуық қаржы игерілмеген

12.04.2018

Шығыс Қазақстанда 2017 жылғы бюджеттің 2 миллиардқа жуық қаржысы тендердің уақытылы өткізілмеуі салдарынан игерілмеген. Облыстық мәслихат депутаттарының айтуынша, мемлекеттік сатып алуда олқылық өте көп. Кез келген мемлекеттік сатып алу тіпті, мектептің көміріне дейін тендер арқылы жеткізіледі. Ал, оған өзге облыстардың кәсіпкерлері де қатысады. Салдарынан өзекті жұмыс іске аспай, бөлінген қаражат игерілмей қалады. Тендерге қатысуға ниет білдіргендердің кейбірі бас тартып жатса, бұл да мемлекеттік сатып алу ісіне кері әсерін тигізеді.

«Сондай-ақ, жүйеде әкімшілік бағдарлама басшыларына да талап күшейтілуі тиіс», -  дейді жергілікті депутаттар. Өйткені, дұрыс жоспарланбаған тендер жалпы процесті тежейтіні анық.

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу