Анонимді арыз жаза берген ауыл әкімі қызметінен кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анонимді арыз жаза берген ауыл әкімі қызметінен кетеді

12.04.2018

Анонимдік арыз иесі  қызметінен босатылады. Павлодар облыстық этика жөніндегі кеңес Успен ауданы, Таволжан ауылдық округінің әкіміне осындай жаза қолдану қажет деп шешті. Мемлекеттік қызметкер аудан және облыс басшылығына қатысты айыптауларды домалақ арыз бетіне түсіріп, өкілетті органдарға жіберіп отырған. Кейбірінің астына өзіне таныс аудан тұрғындарының тегін жазып, қол қойған. Шағым түскеннен кейін оны тексеруге шыққан комиссия не арыз иесін, не келтірілген деректерді таппай, бір жыл бойы әуре болған. Көп ұзамай оның кім екені анықталып, енді тиісті шешім қабылданды.

Юрий Фельдман, облыс әкімшілігі аппаратының этика жөніндегі өкілетті қызметкері:

- Барлық хат бір адамның қолымен жазылғаны бірден байқалды. Мәтін бір шрифтпен терілген. Арызды «Сізге деген құрметпен»-деп бастап дәл солай аяқтайды. Конверттің сырты қаламмен толтырылады ғой. Сол Таволжан ауылдық әкімінің түсініктемесіндегі жазуымен дәлме-дәл келе қалды. Ол кінәсін мойындады.   

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу