Қызылжарда қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда қар жауды

13.04.2018

Қызылжар қайтадан ақ ұлпаға оранды. Синоптиктер түскен қар мөлшері он күндік жауын-шашын көлеміне тең деп отыр. Осыдан бірер күн бұрын Петропавлда ауа температурасы + 12 °C-ге дейін жылыған еді. Қысқы дөңгелектерін жазғыға ауыстырып үлгерген қала тұрғындары үшін қалың қардың түсуі күтпеген жағдай болды. Мамандардың айтуынша, бір түнде жауған қардың мөлшері кей жерлерде 11 миллиметрге жетеді. Теріскей тарихында ең суық сәуір 1963 жылы тіркелген болатын. Ол кезде ауа температурасы 26,4 градус суықты көрсеткен. Ал, ең ыстық күн 1982 жылы 30 сәуірде тіркелген, бұл күні термометр бағаны +31 градуске дейін көтерілген.

Хабарламаларға жазылу