Дизельдің қымбаттауына сыртқы нарық себеп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизельдің қымбаттауына сыртқы нарық себеп

13.04.2018

Елімізде дизель отынының қымбаттауына көрші Ресейдегі бағаның көтерілуі себеп. Арнайы брифинг өткізген «ҚазМұнайГаз өнімдері» компаниясының өкілдері шаруалар шағымына осылай деп жауап берді. Айта кетер болсақ, осыдан үш жыл бұрын литрі 87 теңге болған жанармай қазір екі есеге өскен. Мамандардың айтуынша, 2016 жылдан бастап нарықты реттеу заңынан дизель мен 92 маркалы жанармай алынып тасталған. Содан бері олардың құны құрық салдырмай келеді. Басты себеп - көрші елдердегі бағаның күрт өсуі. Қазір Ресейде дизель отынының 1 литрі - 233 теңге, Өзбекстанда - 208 теңге, Қырғызстанда - 190 теңге. Бізде биыл 161 теңгеден асқан. Егер бұдан төмен бағамен сатылса, сырттан келетін импорт азайып, дизель тапшылығына әкелуі мүмкін», - дейді компания өкілдері

Мағзат Дәулетияров, «ҚазМұнайГаз өнімдері» компаниясының филиалдар бойынша департамент директоры:

- Көрші мемлекеттердегі дизель отынының жоғары болуы. Олардағы баға шамамен 200 теңгеден жоғары. Қазір бізде төмен бағамен беріліп жатыр. Егер одан да төмен берілетін болса, Қазақстаннан Ресейге тауардың кері қайтуы мүмкін. Сондықтан, Қазақстанның ішкі нарығында дизел отынының азаюына әкелуі мүмкін.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу