Жезқазған қаласында қазақ тарихы мен әдебиетінің ең көрнекті өкілі, Абылай ханның ақылшысы Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған республикалық конференция өтті. «Бұқар жырау және ұлттық идея» тақырыбында өткен жиында ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері баяндама жасады. Бұқардың қай толғауынан болмасын елді бірлікке шақыру идеясы аңғарылады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы - бабалар үнінің сабақтастығы, жалғасы. Рухани тағылымы мол шара қарсаңында Бұқар жыраудың өмірі мен артында қалған мол мұрасын зерделеуші жастардың арасында үздік баяндамашылар анықталды. Жүзден жүйрік шыққан қос студент арнайы сыйақыға ие болды. Бұл - Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай өткен алғашқы ауқымды шара.
Нұрсахан Бейсенбекова, тарих ғылымдарының кандидаты:
- Бұқар жырау бабамыз елді бірлікке, ынтымаққа шақырған. Бүгінгі күні Президенттің ұстап отырған саясаты, елдің бірлігі, тұтастығы, соның барлығын Бұқар жырау бабамыз кезінде айтып кеткен. Егер біз рухани жаңғырамыз десек, осы бабаларымыздың шығармаларын оқып, насихаттауымыз керек.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ