Қызылорда қаласының тұрғыны Мұхамедәлі Асылбеков спорттың кенжелеп қалған түрі - үстел теннисін дамытпақшы. Себебі, үстел теннисінің денсаулыққа тигізер пайдасы көп. «Аса шапшаң шахмат» деп бекер айтылмаған, ақыл-ойды сергітеді, тактикалық стратегияны дамытады және қол мен көздің координациясын жақсартады. Сондықтан, спорт жанкүйері өзі ынталы түрде үстел теннисінен түрлі жарыстар ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосуда. Ойынға қызығушылар жылдан-жылға көбейіп келеді және олардың жас ерекшеліктері әр түрлі.
Мұхамедәлі Асылбеков, Қызылорда қаласының тұрғыны:
- Өкінішке қарай, үстел теннисі өңірімізде дамымай қалған. Бірақ, спорттың бұл түріне қызығушылар өте көп. Біз соларды қолдағымыз келеді. Бұл - салауатты өмір салтын қалыптастыру және кенжелеп қалған спорт түрін дамыту. Алдағы уақытта жарыс ұйымдастыру ойда бар.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ