Оның аясында 21-сәуір мен 12-мамыр күндері жалпықалалық сенбіліктер де өтеді. Тұрғындарды тазалыққа, экологиялық мәдениетке шақыратын жоба биыл ерекше ұйымдастырылмақ. Түрлі ұйымдар, аулалар арасында байқау өтеді.
Акция аясында Астана қоқыстан толықтай тазарады деген жоспар бар. Тұрғындар мен қызметкерлер Есіл өзенінің жағалауы, барлық көшені тазартып, жолдар жөндеуден өтеді.
Айнұр Сұлтанғұлова, Табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау және іске асыру бөлімінің бас маманы:
- Жалпы, қалалық акцияға 100 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр. 1000 кәсіпорын, 83 мемлекеттік мекеме, мектептер мен балабақшалар және басқа да түрлі ұйымдар қатысады.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
- «Астана таза және қауіпсіз қала» акциясы аясында шаһарда 25 мың түп ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр. Оның 10 мыңы ұйымдастырылатын 2 сенбілік аясында болса, 15 мыңы басқа күндері. Сіз де бұл игі іске қатыса аласыз. Ол үшін қолыңызға кетпен-күрек алып, көшеге шықсаңыз жеткілікті.
Жалпықалалық акция аясында 5 арнайы жоба да бар. Ынтымағы жарасқан таза аула үшін эко-Юниверсити, эко-колледж, эко-скул және қауіпсіз сауда орталығы.
Мұхамеджан Болысбек, қалалық Қоғамдық даму істері басқармасы жанындағы Жастар істері орталығының директоры:
- Жоба конкурс түрінде өтетін болады. Арнайы эксперттік топ құрылады. Эксперттік топтың әрбір мектепке, қоғамдық нысандарға барып, сол жердегі тазалықты, экологиялық мәдениетті, бағалауымен конкурстың нәтижесін шығаратын боламыз.
«Астана таза және қауіпсіз қала» акциясының негізгі мақсаты - тұрғындарды, әсіресе, жастарды тазалыққа шақыру, олардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ