«Астана тарихы - мұрағат құжаттарында». Осындай атаумен бүгін Астанада мән-мағынасы салмақты жиын өтті. Оған жазушылар, қоғам белсенділері, мұрағат қызметкерлері және студенттер қатысты. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өрбіді. Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығы да талқыға арқау болды. Жалпы, мұрағатта 690 қор жинақталған. Құжаттар 1737-2017 жылдар аралығын қамтиды. Осы дәйекті деректер елорданың мерейтойы қарсаңында тарихтан сыр шертеді. Мұрағат ұжымы барлық мәліметтерді ұсынуға және жастарға көрсетуге мүдделі.
Арысбек Көкбас, қалалық Мемлекеттің мұрағаттың директоры:
- Негізгі мақсатымыз - мұрағаттағы құжаттарды жастарға жеткізу, дәріптеу, оларды цифрландыру.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ