Әсет Исекешев: Мемлекеттік қызметті автоматтандыру жемқорлықты азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсет Исекешев: Мемлекеттік қызметті автоматтандыру жемқорлықты азайтады

20.04.2018

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру жемқорлықты азайтады. «Астана-адалдық алаңы» жобасының алғашқы нәтижесін жариялаған Астана әкімі Әсет Исекешев осылай деді. Шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.

Бұдан былай, кез келген басқарманың қызметінен шикілік шықса, оған ең алдымен бірінші басшы тікелей жауап бермек. Мұндай жаңашылдық әр органның ішкі және сыртқы қызметін жақсарта түсері сөзсіз. Әзірге еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы электронды кезек арқылы қызмет көрсетуге кірісті.

Алдағы уақытта бұл үрдіс жетіле түспек. Қазіргі таңда елорданың мыңдаған тұрғыны құжаттарды жинау үшін сабылып жүрмейді. Ортақ база сан саланың қызметін бір жерге тоғыстырды. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу