Ақмола облысындағы 69 ауылдық округтің енді өз бюджеті бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы 69 ауылдық округтің енді өз бюджеті бар

20.04.2018

Бұл елді мекендердің проблемасын жылдам шешуге мүмкіндік береді. Әкімдердің қызметін жетілдіру жайы Көкшетауда өткен форумда талқыланды. Ауыл маңынан жайылымдық жерлерді бөлу, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту саласында қордаланған мәселе көп. Облыста ауылдық әкімдер жиі ауысады. 4 жылда 246 әкімнің 136-сы жұмыстан кеткен. Өңірде әдеп нормаларын бұзған лауазым иелері де жоқ емес. Сондықтан, маман таңдауда мұқият болу шарт.  Жергілікті өзін-өзі басқаруға салықтың 6 түрі берілді. Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша айыппұл саны 17-ге өсті. Осылайша, әкімдердің құзіреті кеңейді.

Өмірсерік Ержанов, Қоянды ауылдық округінің әкімі:

- Ауылды абаттандыру, көгалдандыру, халықтың мұң-мұқтажын ескере отырып жұмыстарды жүргізу үшін мүмкіншілігіміз артып келе жатыр. Жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығымен жұмыс істеудеміз. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу