«Ақылды қалалар» қатарына Павлодар да қосылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақылды қалалар» қатарына Павлодар да қосылуы мүмкін

23.04.2018

Шаһардың тұрғын үй коммуналдық саласы және бірқатар әлеуметтік мекемелері жаңа тәртіпке көшті. Соған орай, көпшілікке «Smart Павлодар» мобильді қосымшасы таныстырылды. Қағазбастылықтан құтылып, жұмыс сапасын арттыруға арналған қосымшаның 13 мыңнан астам қолданушысы бар. Өйткені, біраз уақыт тестілеу режимінде жұмыс істеп, тұрғындар тарапынан түскен 1000-нан аса өтініштерді өңдеген. Қала әкімшілігіне қарасты жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар, білім беру, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат тұрғын үй инспекциясы сынды 8 мекеме толық электронды жүйеге ауысты. Мобильді қосымшаны пайдалану, әсіресе, білім беру саласы үшін тиімді.

Қуаныш Қыдыралин, Павлодар қалалық Білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі:

-«Е-асхана», «Е-кітапхана», сосын балаларды турникеттен өткізу үрдісі бар. Осылар «Smart Павлодар» жүйесіне қосылған болатын. Яғни, бұл жүйе ата-аналар үшін өте ыңғайлы және балаларға жайлы болуы үшін жасалған.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу