Сауықтыру шараларын тұрақты түрде қабылдайтын адам қашанда сергек жүреді - Мамандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауықтыру шараларын тұрақты түрде қабылдайтын адам қашанда сергек жүреді - Мамандар

24.04.2018

Шипажайдағы емнің медициналық, әлеуметтік, тіпті, экономикалық әсері зор. Бұл туралы «Шипажай-2018» үшінші халықаралық ғылыми-практикалық форумында айтылды. Сарапшы-мамандардың мәлімдеуінше, сауықтыру шараларын тұрақты түрде қабылдайтын адам қашанда сергек жүреді. Ал, дені сау кісі ақ халаттыларға барып ақшасын шығындамайды әрі  жұмыс күндерін жіберіп алмайды.

Есесіне әр адамның тұрмысы тіктеліп, елдің экономикалық әлеуеті артады. Осыны алға тартқан форум қатысушылары қарапайым қағиданы халыққа түсіндірудің жаңа әдіс-тәсілдерін сөз етті. Себебі, денсаулығына немқұрайлы қарайтындар әлі де болса бар. Жиын соңында атқарушы органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері аталған саланы бұдан әрі дамыту туралы резолюция қабылдайтын болады.

Ажар Төлеғалиева, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы басшысының орынбасары:

- Аурудың бірінші белгілері пайда болғанда немесе иммунитетті көтеру үшін осы шипажайлық емдерді алу керек. Бұл аурушаңдықты 2-3 есеге азайтады және бұл ауруханада ем алуды азайтып отыр.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу