Кеден қызметін цифрландыру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеден қызметін цифрландыру басталды

24.04.2018

Биыл 52 кеден бекетінің өткізу жылдамдығы артады. Өзге де осындай бекеттердің техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру қарастырылуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.

Сондай-ақ, бірқатар радиоэлектронды тауарларды елге кіргізу мен лицензиялау тәртібін жеңілдету үшін жол  картасы қабылданған. Ол бойынша аталған қызметтерді 26 күннен 8 күнге дейін қысқарту көзделген.

Сондай-ақ, бұл жұмыстар аясында құжаттар тізбесі азайып, жартылай автоматтандырылған жүйе толық автоматтандырылады. Бұдан бөлек, биыл 12 кеден бекетінің интернет жылдамдығы арттырылған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу