Ауылдық жерлердің интернет желісі сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдық жерлердің интернет желісі сын көтермейді

24.04.2018

Ауылдық жерлерді интернетпен қамту тұрғысында бірқатар проблемалар бар. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы комиссиясының отырысында айтылды. Цифрландыру бағдарламасы аясында көптеген ауылдық жерлерге ғаламтор желісі тартылған.

«Әттеген-айы» сол, жылдамдығы сын көтермейді. Тіпті, түрлі құжаттарды толтырып, электронды түрде жіберу де мүмкін емес. Мәселен, ауыл мұғалімдері «Kundelik.kz»-ті толтыру үшін аудан орталығына баруға мәжбүр. «Қағазбастылық азайтудың орнына қосымша қыруар жұмыс табылды», деп дабыл қағып отыр комиссия мүшелері. Шалғайдағы елді мекендерге интернет тарту үшін жеке мен мемлекеттің әріптестігі принципі арқылы жұмыс істеу жоспарланып отыр.

Шаймардан Нұрымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тиісті ақша бөлінді.  Енді соны дұрыс жұмсау ғана қалды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу