Қазақстанның жерүсті су ресурстарының қысқаруы байқалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның жерүсті су ресурстарының қысқаруы байқалуда

24.04.2018

Еліміздегі өзен суын тиімді пайдалана алмай отырмыз. Бүгін Мәжілісте трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану жайы талқыланды. Депутаттардың айтуынша, Қазақстанның жерүсті су ресурстарының қысқаруы байқалуда. Қазақстан - Еуразия континентіндегі су ресурстарынан айтарлықтай тапшылық көріп отырған мемлекеттердің бірі. Республиканың жерүсті суларының жартысы шекаралас елдердің аумағынан келеді. Қазақстан мен Қытайдың аумағынан 24 трансшекаралық өзен ағып өтеді. Қытай жағы өзінің аумағында жаңа су қоймаларын салып, суды өз жерінде пайдалану жолдарын біздің елмен есептеспей пайдаланудың салдарынан, біз су тапшылығын көріп жатырмыз.

Құдайберген Ержан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Оның экологиялық үлкен мәні бар. Егер қалыптасқан ережені сақтамай, әр ел өзінше әрекет жасайтын болса, ол басқа елдерге зардабын тигізеді. Үлкен мәселеміз - Балқаш, Зайсан өзендері. Аралдың трагедиясы келуі де ғажап емес.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу