Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер жазаланды

25.04.2018

Ақмола облысы Жақсы аудандық Құрылыс, сәулет өнері және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қанат Ахамбаев қызметтік көлікті есірткіге елітіп алған күйде басқарған. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметкердің наша қолданғаны расталды. Бөлім басшысына қатысты тәртіптік іс облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Кеңес мүшелері Жақсы ауданының әкіміне тәртіп бұзған тұлғаға «Қызметінен босату» түріндегі жаза тағайындауды ұсынды. Сондай-ақ, Қорғалжын ауданы Кендібай ауылдық округінің әкімі Балғынбай Имановқа қатысты да тәртіптік іс қаралды. Ауыл әкімі жерге орналастыру жобасының жоқтығына қарамастан, ауыл тұрғынына жер беру туралы шешім қабылдаған. Оған да  шара қолданылды.

Қанат Ахамбаев, Жақсы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бұл алғаш рет болып отырған жағдай. Астанадан достарым демалысқа келіп еді. Мен өзімнің кінәмды мойындаймын. Қатты өкінемін.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу