ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

25.04.2018

«Қазақстан азаматтарының ұлттық бiрегейлiгi: сыртқы көзқарас». Бүгін осындай атаумен Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң отырысы өтті. Кеңес жұмысына қатысушылар еліміздегі бірегейліктің қалыптасуы жайлы сөз қозғап, Орталық Азия елдерінің демократиялану үрдісі мен ұлттық саясатын зерттеп жүрген Беате Эшментпен пікір алмасты. Германиялық ғалымның айтуынша, Қазақстанды еуропалықтар бірнеше этнос өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп отырған бірлігі бекем, дамудың тұрақты жолына түскен ел ретінде таниды. Әсіресе, Елбасының «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» ұстанымын жоғары бағалайды. 

Айгүл Сәдуақасова, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі:

- Қазақстанда 1990 жылдардың басында қандай жағдай болды және қазiргi таңда жағдай қандай? Елбасының «Қазақстан - бәрiмiзге ортақ үй» деген тұжырымдамасының нәтижесi бар деген ой жиi айтылды. Бұл сырт көздiң, сыртқы эксперттердiң айтуы бойынша. Ал, сырт көзден айтылған осындай ой бiздiң елдiң саясатына, елдiң тұрақтылығына берiлген жақсы баға деп ойлаймын.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу