Шетелден импортталатын сүт өнімдерінің сапасы төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден импортталатын сүт өнімдерінің сапасы төмен

14.04.2014
Шетелден импортталатын сүт өнімдерінің сапасы төмен
Елімізге сырттан жеткізілетін сүт өнімдерінің сапасы сын көтермейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Қазақстанның ет-сүт одағы қауымдастығының» басшысы Иван Сауэр мәлімдеді.
 
Ол  «Дәстүрлі мал шаруашылығы бар Қазақстанның сүтті сырттан импорттауы - ұят», дейді. Десе де, сырттан әкелінген сүт отандық өнімнен артық болса бір сәрі. Бізге шеттен әкелініп жатқан сүттің сапасы көңіл көншітпейді. Кеше ғана Омбыдағы сүт-ірімшік зауытындағы шудың өзі шетелдік өнімнің қалай жасалатынын көрсетіп отыр.
 
Мұндай жағдайда бізге тездетіп сүт сапасына көңіл бөлу керек. Өз нарығымызды өзіміз қамтитын болуымыз қажет. Маман осындай пікір айтты.
 
Иван Сауэр, «Қазақстанның ет-сүт одағы қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қауымдастығы бірлестігінің басқарма төрағасы:
Елімізге сырттан әкелінетін сүт құрғақ әрі майынан ажыратылған  болып келеді. Бұл шекарадағы бақылаудың әлсіздігінен болып отыр. Сондықтан, сүт өнімдерінің мәселесін шешу керек. Сүт өңдейтін өнеркәсіптеріміз үшін шикі сүт өнімдері жеткіліксіз. Сиыр көбінесе жеке шаруаның қолында. Шаруа мен зауыт арасында байланыс жоқ. Осы себептен, біздің нарықты сырттан келетін сапасыз сүт өнімдері жаулап алды.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу