Еліміздің бейбітшілік миссиясы көпке үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бейбітшілік миссиясы көпке үлгі

26.04.2018

Қазақстанның бейбітшілік миссиясы көпке үлгі. Бұл туралы бүгін Саяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен жиында айтылды. Шетелдік және еліміздің саяси сарапшылары қатысқан кездесуде Қазақстанның БҰҰ-ғы Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретінде атқарған жұмыстары талқыланды. Қазақстан осы миссиясында өз міндеттерін толық орындап шыққан ел. Ең бастысы, Қазақстанның кез келген түйінді дипломатиялық жолмен шешу әдісі көпке үлгі бола алды. Жиынға қатысқан сарапшылар пікірі осындай. Әсіресе, Орта Азия, Таяу Шығыс және Ауғанстан мәселесін бейбіт жолмен шешу, гуманитарлық көмек жеткізу бойынша Қазақстан нақты жұмыстарға себепші бола алды. Алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі мәселелерге еліміздің ықпал етуге мүмкіндігі бар.  

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Төрағалық бір ай болғанымен, біз екі жылға Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып қала береміз. Сондықтан, бұл мәселелер әлі күнге дейін күн тәртібінде қала береді. Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты емес мүше ретінде әрі қарай осындай талқылауларға қатысуға мүмкіндігі бар.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу