Франция - Қазақстан экономикасындағы үшінші ірі инвестор мемлекет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция - Қазақстан экономикасындағы үшінші ірі инвестор мемлекет

26.04.2018

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Франция-Қазақстан: стратегиялық әріптестікке 10 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Онда ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешені, білім беру мен «Цифрлық Қазақстан» аясындағы әріптестік мәселесі кеңінен талқыланды. Премьер-Министр Француз бизнес өкілдеріне Қазақстан барынша жағдай жасауға тырысатынын жеткізді.

Айта кету керек, мұндай форматтағы ортақ жиындар 2000 жылдардан бері тұрақты өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде Франция Қазақстан экономикасындағы үшінші ірі инвестор мемлекет болып есептеледі. Қазір екі ел сауда-өнеркәсіп палатасының құрамына 50-ден астам ірі компания кіреді. Қазақстан-Франция арасындағы тығыз қарым-қатынасты елші де ерекше атап өтті.

Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және уәкілетті елшісі:

- 2017 жылы Франция мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өттік. Бұл жылы екі жақтың қарым-қатынасымыздың ең жас өкілі сауда-өнеркәсіптік палатаның екі жылдығын және біздің стратегиялық ынтымақтастықтың  10 жылдығын атап өтуге мүмкіндік алып отырмыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу