«ForteBank» жаңа қызметтер ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ForteBank» жаңа қызметтер ұсынды

26.04.2018

Кез келген банк картасынан кез келген нөмірге ақша аудару немесе банкоматтан картасыз қолма қол ақша алу. «ForteBank» қазақстандықтарға бұрын болмаған жаңа қызметтер ұсынып отыр. Енді аталған банктің мобильді қосымшасы арқылы кәдімгі телефон нөмеріне ақша аударуға болады. Сондай-ақ, банк картаңызды жоғалтып алған жағдайда банкоматқа барып, ақшаңызды ала аласыз. Осылайша, еліміздегі ең үздік банктердің бірі тұтынушы үшін бірнеше ыңғайлы қызметтер ұсынып отыр.

Қазір 882 мыңнан астам қазақстандық пен мен 65 мыңнан астам компания «ForteBank» қызметін пайдаланады.  Қаржылық қоры да қомақты, 184 миллиард теңге. 

«ForteBank»-тің мобильді қосымшасындағы 350-ден астам қызметке тағы бірнеше тың сервис  қосылды.  Бұдан былай, картаңызды  үйде ұмытып немесе жоғалтып алсаңыз да, банкоматтан ақша шеше аласыз.  Ол үшін мобильді қосымшадан уақытша пароль алып,  банкоматқа барып сол парольді терсеңіз болғаны.

Гурам Андроникашвили, «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы:

-Ол үшін тек телефоныңызда біздің банктің мобильді қосымшасы болса болғаны. Ол жерге картаңыз тіркелген болса, керек соманы жазып, уақытша код аласыз. Осы кодты «ForteBank»-тің кез келген банкоматына барсаңыз, сұраған сомаңызды картасыз береді. 

Тағы бір тың тәсіл. Кез келген картадан кез келген нөмірге ақша аудару.  Ендігіде мобильді қосымшаға  мейлі қай банктің тұтынушысы болсаңыз да картаңызды оп-оңай тіркей аласыз. Сондай-ақ, осы қосымша арқылы картадағы ақшаны телефон нөміріне аудара аласыз. Аударым SMS түрінде келеді. SMS-хабарламада келіп тұрған «Ақшаны картаға қабылдайсыз ба?» әлде «Банкоматтан аласыз ба?» деген таңдау болады.

Жұмабек Мамұтов, «ForteBank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

-Қазір қалта телефоныңыздағы нөмірге ақшаны SMS-пен жібересіз. Алушы хабарламаны алып, бір-екі батырманы басып, ақшаны өзінің кез келген картасына аударып ала алады. Бұл оңай аударым жүйесі ТМД елдерінің ішінде алғаш болып бізде енгізілді.

Банк ұсынған жаңа қызметтердің ішінде 5 валюталы мультикарта да бар. Онымен әлемнің кез келген жерінен пайызсыз ақша шешуге болады. «Кэшбэк» жүйесі де жетілдірілді.  Әуе, пойыз билеттері мен қонақ үй, тағы басқа саяхат шығындарын карта арқылы төлесеңіз, банк 4 пайызын картаңызға қайта аударып береді.  Бұл қызмет арқылы клиенттердің картасына бүгінге дейін 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

  

Хабарламаларға жазылу