Экология мәселесі халықаралық жиында қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экология мәселесі халықаралық жиында қаралды

27.04.2018

«Жасыл экономиканы» дамыту шарттарында білім беру жүйесін экологияландырудың ғылыми тәсілдері». Бүгін осындай атаумен Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар жұмысына қатысқан оқытушы-ғалымдар мен студенттер 4 секцияға бөлініп, экология саласындағы ең өзекті деген тақырыптарды талқылады.

Оның ішінде рухани адамгершілік құндылықтар негізінде жастардың экологиялық санасын жаңғырту мәселесіне ерекше мән беріліп, осы тұрғыда атқарылуы тиіс ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, «жасыл экономиканы» дамытудағы жоғары оқу орындарының рөлі туралы сөз болды.

Ғайни Ділімбетова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

- «Жасыл экономиканы» дамытуда экологиялық білімнің методологиялық және ғылыми мәселелерін көтерсек деп отырмыз. Айтайын дегенім, бұл шараны әрі қарай жалғастыра берсек. Біздің жастарымыз экологияға көбірек көңіл бөлсе екен. Осы университеттің төңірегінде әртүрлі әлеуметтік шараларға қатысса екен деген ойдамыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу