Таразда марихуана сатқан түрме қызметкері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда марихуана сатқан түрме қызметкері сотталды

27.04.2018

Түзеу мекемесіне есірткі кіргізген лауазым иесі 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Колония қызметкері жазасын өтеушіге 7,5 грамм марихуананы 20 мың теңгеге сатқан. Капитан Дәуренбек Дәулетбеков жазасын өтеушіге есірткіні өзі ұсынған. Бірақ, сотталған азамат бұл жайында өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы прокуратураға хабарлап қойған. Сөйтіп, режим бөлімі бастығының орынбасары марихуананы кіргізген кезде ұсталған. Ал, келісілген ақшаны ол алдын ала алған. 

Азамат Тілепов, судья:

- 45 мың берсең, 3 стакан марихуана кіргізіп беремін деп келіскен. «Жақсы марихуана», деген әңгімелері бар. «Маған қатты ұстайтыны керек емес, кәдімгісі керек», деген. Соны 20 мың теңгеге келіскен.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу