Атырау облысында іскер әйелдер қатары көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында іскер әйелдер қатары көбейіп келеді

27.04.2018

Атырау облысында кәсіпкерлікпен айналысқан нәзік жандылардың қатары көбейіп келеді. «Бұл мемлекет қолдауының арқасы», - дейді іскер әйелдер. «Бес әлеуметтік бағыт» халық үшін тиімді. Кәсіпкерлерге шағын несие беруді көбейту елдің әл-ауқатын арттырып, жұмыссыздықтың алдын алуға сеп болады. Бүгінде аймақта 43 мың кәсіпкер бар. Олардың дені құрылыс, бөлшек сауда және көлік жөндеу саласында. Былтыр, жыл соңында 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 

Гүлфайруз Қайырғалиева, Х. Досмұхамедов атындағы АТМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы:

- «Бизнес бастау» т.б. оқудан кәсіпкерлікті үйренудің оқу орындарынан өткен адамдар енді тағы да мемлекет тарапынан несиелер ала алады. Осы жағынан келгенде кәсіпкер әйелдер де көбейеді деген сөз.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу