Елімізде  саны 100 мыңнан асатын 9 этнос тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде  саны 100 мыңнан асатын 9 этнос тұрады

28.04.2018

Елімізде 130-ға жуық ұлт өмір сүреді. Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жыл басындағы санақ бойынша Қазақстанда халық саны 18 миллион 157 мыңнан асқан.

Хaлықтың негізгі бөлігін қазақтар құрайды. 12 млн. 250 мың. Пайыздық үлесі - 67,47%. Одан кейінгі орында - орыстар - 19,76%, содан кейін өзбектер - 3,18, әрі қарай украиндар - 1,53, ұйғырлар - 1,46, татарлар - 1,11%.

Қалған ұлыстар саны халық санының 1 пайызына жетпейді. Елімізде жан саны 100 мыңнан асатын 9 этнос тұрады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу