Сан ұлтты ұйыстырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен жылды жемісті қорытындылады.
Еліміздегі 1071 этномәдени бірлестік 2017 жылы он бес мыңға жуық іс-шара өткізді. Оған үш жүз мыңнан астам адам қатысқан. Бірлестік жанында 135 жастар ұйымы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 1391 орталық, клуб, үйірме, басқа да шығармашылық ұжымдар әр ұлыстың тілі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің сақталуына, ең бастысы, елдегі бірлік пен татулықтың бекем болуына үлес қосып отыр.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.