«Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының өкілдері өздерінің ұлттық дәстүрін көрсетіп, ән айтып, би билеп қарсы алды. Мерекелік концерт аясында елордалық ұлттық-мәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының, Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Рухани жаңғыру – бірлік пен тұтастық» атты театрландырылған қойылымы көрсетілді. Шара соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды және салтанатты шараға қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ