Алматыда «Классикалық емес музыканың дамуы мен қиындықтары» ғылыми-конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Классикалық емес музыканың дамуы мен қиындықтары» ғылыми-конференциясы өтті

02.05.2018

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Классикалық емес музыканың дамуы мен қиындықтары» атты ғылыми-конференция өтті. Алқалы жиынға Қазақстан, Ресей және Украинадан келген белгілі композиторлар мен музыкатанушы ғалымдар қатысты. Олардың сөзінше, осы заманға сай этникалық музыка жанры жыл сайын дамып, тыңдаушылардың қатары артып отыр. Алайда, бұл саланың қиындықтары да баршылық. Мәселен, аталған жанрды ғылыми тұрғыда дамыту мен зерттеу жағы ақсап тұр. Сондықтан, шетелдік мамандармен бірлесіп, тәжірибе алмасу - аса маңызды.   

Айзада Бұлтбаева, өнертанушы:

- Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақ өнеріне, заманауи өнерге үлкен мән береді. Жалпы, Қазақстанда немесе басқа мемлекеттерде заманауи музыка қандай деңгейде, қаншалықты дамып жатыр, осы конференция аясында соған көңіл бөлініп жатыр.

 

Амангелді СЕЙІТХАН   

Хабарламаларға жазылу