Әлемдік сарапшылар Астана экономикалық форумына қызығушылық танытып отыр. Жыл сайын форумның алаңында айтылатын маңызды ұсыныс-пікірлер мен бастамаларды білу үшін 24 мың адам интернет-ресурсқа тіркеледі. Биылғы форумда көтерілетін басты тақырыптардың бірі цифрландыру үрдісі мен баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану болып отыр. Мамандардың айтуынша, 2025 жылға қарай сандық технологияға көшкендіктен, қазіргі мамандықтардың 50 пайызы қажет болмай қалуы мүмкін. Сондықтан, болашақта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандықтар жайы да дәл осы форумда кеңінен талқыланбақ. Сондай-ақ, әлемдегі криптовалютаға қатысты маңызды сұрақтар да жиынның күн тәртібіне қойылған.
Елдос САПАРҒАЛИ