Жоғарғы Сот татуласу рәсімін енгізе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғарғы Сот татуласу рәсімін енгізе бастады

04.05.2018

Қазақстан халқының үштен бірі арызын арқалап, соттарды жағалап жүр. Биыл ел азаматтарынан түскен арыз-шағым көлемі екі есе өскен. Мысалы, соңғы деректер бойынша 2,7 миллион іс құқық қорғау органдарының қарауына жеткен. Жалпы, сотқа жүгіну деректерінің көп болуы - қоғамдағы дау-дамайдың өсу деңгейін көрсетеді. Былтыр 67 мың отбасылық кикілжің тіркеліп, орта есеппен 100 мыңға жуық бала ажырасудың кесірінен әкесіз немесе шешесіз қалған. Қоғамдағы осындай келеңсіз дау-дамайларды шешу мақсатында Жоғарғы Сот татуласу рәсімін енгізуді қолға алды. Соның негізінде қазір еліміздің бірнеше облысында арнайы татуласу орталықтары ашылды.        

Сағатбек Сүлеймен, ҚР Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі:

- Бұл орталықтарда медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар, кәсіподақ ардагерлер кеңесінің өкілдері, азаматтарға арналған өкімет өкілдері, психологтар дауды шешуге көмек көрсететін болады. Осы жобаның нәтижесінде қоғамдағы даукестіктің деңгейі төмендейді. Дауды шешудің мәдениеті қалыптасады. Даулар келісім арқылы жылдам шешіледі. Моральдік және материалдық шығындар азаяды. Қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу