Мүгедектер мәселесі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектер мәселесі көтерілді

08.05.2018

Мүгедектікке шығу және мүгедектік тобына байланысты жәрдемақы алуға құжат 3-тен 5 күн аралығында дайын болады. Бұрын 10 күн еді. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі азамат сарапшылар комиссиясына немесе мемлекеттік корпорацияға барып, өтініш жазып жүрмейді. Бәрі электронды түрде бітеді. Яғни, цифрландыру аясында қос ақпараттық жүйе жаңғыртылып жатыр. Қазір төрт өңірде сынақ жүргізілуде. Жобаның сәтті жүзеге асып жоспарланған мерзімде еліміз бойынша толық енгізу үшін басқа тиісті министрліктердің де ақпараттық жүйелері ақсамауы шарт. Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифін қайта қарау мен оның сапалы көрсетілуіне сәйкес заң жобасына өзгерістер енгізілді. Қазір құжат Мәжілісте қаралуда.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Ондай қызметтерге ауылда тұратын азаматтардың қолжетімділігі жоқ. Негізі үкіметтік емес ұйымдарды ауылдарға жеткізіп, сол ауылдарда мүмкіндігі шектеулі жандарға сол қызметтерді көрсету үшін өзгерістер енгізіп отырмыз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу