Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі арқылы бюджеттің бір мезгілдік шығыны 90,6 млрд. теңгеге кеміді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі арқылы бюджеттің бір мезгілдік шығыны 90,6 млрд. теңгеге кеміді

10.05.2018

Яғни, бүгінге дейін осыншама сомаға 140 нысан салынып пайдалануға берілді. Алда құны 1,7 трлн. теңгені құрайтын 779 жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Екі жақты әріптестік әдісімен бұрын балабақшалар мен емханалар ашуға көптеп көңіл бөлінетін. Енді медициналық жабдықтарға қызмет көрсету, жөндеу сервистік орталығы, су тазартқыш ғимараттарын салу үшін келісімдер жасалуда.

Сондай-ақ, оқушыларды тамақтандыру бойынша да кешенді шешімдер қабылданған. Жалпы, әріптестік жүйесі мемлекет қаржысын үнемдеуге мүдделі. Студенттерге арналған 75 мың орындық жатақхананы салудың да түрлі тиімді жолы қарастырылуда.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу