Алаш жұрты сәулетші Тимур Сүлейменовпен қоштасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш жұрты сәулетші Тимур Сүлейменовпен қоштасты

11.05.2018

Бүгін Алаш жұрты теңгенің алғашқы дизайнерлерінің бірі Тимур Сүлейменовты ақтық сапарға шығарып салды.

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өткен қаралы жиынға марқұмның туған-туыстары мен әріптестері келіп, елеулі естеліктер айтты. Еліміздегі дизайн мектебінің негізін салған сәулетшінің Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітуге қосқан үлесі зор, еңбегі ерен. Ол Тараз, Жаңатас және Шымкент қалаларын салудың бас жоспарын әзірлеуге қатысқан. Тимур Сүлейменов 1943 жылы 14 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Соңында жары мен бір ұл, бір қызы қалды.

Архитектордың өзі өмірден өткенмен, оның қиялынан туған еңбектері мен ескерткіштері мәңгі жасамақ. Мәселен, солардың ең бастылары Мәскеу қаласындағы Абай ескерткіші мен Алматыдағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу