Астаналық әкелердің үшінші қалалық слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық әкелердің үшінші қалалық слеті өтті

11.05.2018

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының алдында бүгін астаналық әкелердің үшінші қалалық слеті өтті. Бір уақыт мектепке бас сұққан әкелер балаларымен бір сахнада өнер көрсетіп, ұстаздарымен тілдесті. 

Сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі ер-азаматтың алатын орны сөз болып, өзекті мәселелер сарапқа салынды. Мұғалімдер қауымы тіпті, ұл-қызының күнделігін тексермейтін ер-азаматтардың көп екенін айтып, оларды белсенді болуға шақырды.

«Бұлай кете берсе, оқ жонып, топқа түсетін ұлдардың саны сиреп кете ме?!», - деп, алаңдайды мамандар. Негізгі жиыннан соң тек әкелер шахмат ойнап, сурет салды. Интерактивті ойындарға қатысып, өзара пікір алмасты. Ал, әкелердің республикалық форумы 1 маусым күні Ақтөбе қаласында өтеді.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу