Петропавлда зауыт өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда зауыт өртенді

14.05.2018

Төтенше жағдай кеше түс кезінде болды. Өрт сөндірушілер 2 сағатқа жуық тілсіз жаумен арпалысқан. Кәсіпорын маңындағы қамыстан тұтанған жалын желдің екпінімен әп-сәтте 5 гектар жерді шарпып үлгерген. Калинин атындағы зауыттың 225 шаршы метр аумағы өртеніп, бос тұрған 3 бөшке де отқа оранды. Бұрын оларда лак сақталғандықтан, қызыл жалынды өшіру оңайға соқпады. Жалпы, зауыт бірнеше жылдан бері тоқтап тұр, сондықтан болар, өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оның себептері анықталып, тергеу жүргізілуде.

Әсет Сердалин, СҚО Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі:

- Өрттің көлемі 225 шаршы метрді құрады және оны сөндіруге қатты желдің нысаны, келу жолдарының жоқтығы кедергі болды. Калинин зауыты территориясында орналасқан бөшкелердің жабындылары жанды. Бұл өртке 10 өрт сөндіру автокөлігі мен 44 адам жеке құрам жұмылдырылды.

Самат САПАРАЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу