«Саяси білім берудің тың тәсілі». «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы мамандарды даярлаудың жаңа форматына көшті. Бұрын партия қызметкерлері қысқа мерзімде білім алатын. Биылдан бастап «нұротандықтар» бірнеше ай білім-білігін арттырады. Оқыту Назарбаев Университеті мен Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында өтіп жатыр. Елдің әр аймағынан келген мамандарға шетелдік профессорлар сабақ береді.
Гүлнәр Омарханқызы, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:
-Бізге менеджер ретінде сол жердегі мәселелерді шешуге үйретеді. Бұл бізге үлкен мүмкіндік. Өйткені, партияның бұл жобасы аясында 60 жас маман білім алады.
Партиялықтарға саяси үдерістерді басқарудың теориясы мен практикасы, саяси технологияларды қолданудың стратегиясы түсіндіріледі. Курстан өткен мамандар келешекте партияның кадрлық резервіне алынады.
Ақерке Абылайхан, Саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары:
-Бағдарлама екі тақырыпта өтуде. Назарбаев Университетінің базасында саяси көшбасшы, ал, басқару академиясының базасында партиялық менеджмент бойынша білім алуда.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.