Қарағанды облысында жастар керуені жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жастар керуені жолға шықты

16.05.2018

Қарағанды облысында «Жастар - жастарға» атты ақпараттық-мәдени керуені қала-аудандарға жол тартты. Шара Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қолға алынып отыр.  Керуен мүшелері мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттік емес ұйымдардан және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдерінен жасақталған. Олар өңірдің 9 қаласы мен 9 ауданын аралап, Елбасы саясатын, мемлекеттік бағдарламаларды, Президенттің  бес әлеуметтік бастамасын және тағы басқа жастар мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Керуен әуелі Абай ауданы мен Теміртау қаласына бет алды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу