Ақтөбеде жыл басынан бері 18 адам қауіпті дертті жұқтырған. Оның 15-і жыныстық жолмен, үшеуі есірткі арқылы. Жалпы, 1989 жылдан бастап өңірде 88 адам осы аурудан көз жұмған. «Қазір аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақты», - дейді мамандар.
Бүгінде облыстық СПИД орталығының есебінде 13 адам тіркеуде тұр. Олардың барлығы арнайы ем қабылдап жатыр. Мамырдың үшінші жексенбісі СПИД ауруынан көз жұмған адамдарды халықаралық еске алу күні. Биыл бұл шара 35-ші рет ұйымдастырылып отыр. Осыған орай, орталық қызметкерлері қаладағы ойын-сауық орындарына барып, тұрғындарға жадынамалар таратты. «Ғасыр дерті» аталған ауру туралы мағлұмат берді.
Айжан Жайлаубаева, облыстық СПИД орталығының бөлім меңгерушісі:
- Бұл дерт көбінесе жастар арасында тіркеледі. 43 пайызы 20-дан 29 жас аралығында.
Н.ТОҒЖАН
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.