Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг пен астронавт Андриана Марайс Астанада тал екті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг пен астронавт Андриана Марайс Астанада тал екті

18.05.2018

Нобель сыйлығының иегері мен Марсқа ұшуға дайындалып жүрген астронавт Астанада тал екті. Сыйлы қонақтардың екеуі де - елордада өтіп жатқан экономикалық форумның қатысушылары. Шара «Жасыл болашақ» деп аталды және баламалы энергия көздерінің келешегіне арналды. Акцияға мұрындық болған Райымбек батыр атындағы 50-ші «Қазғарыш» мектеп-лицейінің ұжымы мен оқушылары қонақтарды қазаққа тән қонақжайлықпен қарсы алып, еліміздің «жасыл» технологиялар саласындағы еңбектерімен таныстырды.

Айта кетейік, Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг климаттың өзгеруі мен «жасыл» экономиканы насихаттайтындардың бірі. Ал Андриана Марайс - кванттық биология саласының ғалымы.

Сондай-ақ, Андриана - «Mars One» байқауының жеңімпазы. Ол 10 жыл дайындықтан соң Марсқа біржола ұшып кетіп, қайтып оралмауды көздеп отыр. Болашақ қазақ ғарышкерлері әйгілі астроновттың әңгімелерін сүйсіне тыңдаса, алыстан келген мейман Астанаға тәнті болды.

Андриана Марайс, ғарышкер:

- Қазақстанның жетістіктері мені қуантты. Форумдағы пікірталастар да қызықты өтіп жатыр. Ал, форумнан бөлек кішкентай қазақстандықтармен кездесуден ерекше әсер алдым. Балаларыңыз сондай ашық екен. Ендігі менің мақсатым – «Байқоңырды» өз көзіммен көріп қайту. Ал ең үлкен миссиям Марсқа ұшуға келетін болсақ, мен Жерден бөлек қай планетада өмір сүруге болатынын зерттеп көргім келеді.  

Альбина ӘШІМ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу