Сирек кездесетін ауруға шалдыққан 1,5 жастағы Әлима көмекке мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирек кездесетін ауруға шалдыққан 1,5 жастағы Әлима көмекке мұқтаж

21.05.2018

Осыдан екі апта бұрын дәрігерлер нәрестенің құйымшағынан тератома ауруын анықтаған. Қырық мың адамда бір кездесетін кесел бала өміріне қауіп төндіріп тұр.  Қазір Әлима Кореяда ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Алайда, емді жалғастыру үшін қосымша қаражат қажет.

Дәл осылай аулада бейқам серуендеп жүрген Әлима бір күнде аты жаман ауруға шалдығады деп ешкім ойламаған. Тіпті, дәрігерлердің өзі диагнозды бірден таппаған. Тек бірнеше күрделі медициналық сараптаманың нәтижесінде қандағы альфа көрсеткіш он есе көбейгендігін көріп, дәрігерлер дабыл қаққан.

«Кореяда алғашқы химия терапияны қабылдағаннан кейін нәресте көп ұйықтайтын болды», -  дейді анасы, тіпті қазір әлсіреген бөбек жылауды да қойған.

Жаннат Ермекова, Әлиманың әжесі:

Химия жасамасақ болмайды. Өйткені, метастаз өкпеге, бүкіл төменгі жаққа кеткен. Шошып, химияға келістік. Ертеңінде баланың әлі жоқ. Содан кейін қызым «көмектесіңдер» деп айқайлап жазды.

Кореялық дәрігерлер алдағы үш күнде баланың жағдайына қатысты толық анықтама бермек. Ал, емді жалғастыру үшін Әлиманы алдағы уақытта Германиядағы клиникаға жеткізу қажет. Еуропалық дәрігерлер науқасты қабылдау үшін есепшотта 100 мың еуро болу қажет деп шарт қойыпты. Қосымша шығындар тағы бар. Сондықтан, амалы таусылған отбасы халықтан қолұшын созуды сұрайды.    

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу