Семей іргесінде орман өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей іргесінде орман өртенді

21.05.2018

Бүгін Семей іргесінде орман өртенді. Алдын ала жасалған болжамдарға қарағанда, қызыл жалын 10-12 гектар аумақты қамтыған. Қызыл кордон алқабындағы қызыл жалынды сөндіруге орман шаруашылығының 12 техникасы мен 40-қа жуық адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар басқармасының 8 техникасы мен 35 маманы тартылды.  Өскеменнен арнайы тікұшақ көмекке келіп жетті. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Құтқарушылар тікұшақпен төңіректі бақылау үстінде. Олардың жұмысына қатты жел мен қою түтін кедергі келтіруде. 

Дмитрий Асқаров, Семей қалалық ТЖБ Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкері:

-Оқиға орнында жеке құрам мен орманшылар жұмыс істеп жатыр.  Өрт аумағы нақтылануда. Қатты жел мен қою түтін қиындық туғызуда. Мамандар жұмыс істеп жатқан аумақта түтіннен ештеңе көрінбейді. 

Р.МАДВАСОВА

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу