Алматыдағы Үлкен Алматы өзенінің суы қызыл түске боялды. Оқиға кеше кешкі сағат 19:30-20:00-дер шамасында болған.
Қанқызыл түске боялған Үлкен Алматы өзенін тұрғындар таспаға басып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге таратқан. Олардың сөзінше, судың түсі өзгергенімен өзен бойынан ешқандай жағымсыз иіс сезілмеген. Ал, бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері судың сынамасын алып, сараптама жасауға кірісті. Мамандар «Ертең судың санитарлық-химикалық құрамы, алдағы үш күннің ішінде бактериологиялық анализі толық дайын болады», деп отыр.
Айзат Молдақасымова, қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы:
-Өзен бойын түгел тексеріп шықтық. Оның бойында жұмыс істеп жатқан типография, ТҚО-ны қарап жатырмыз.
Амангелді СЕЙІТХАН
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.