Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын дамытуда ілгерілеу бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын дамытуда ілгерілеу бар

23.05.2018

Өндірілген өнім көлемі ұлғайып, 2021 жылға дейінгі даму картасы құрылған. Алайда, агросаладағы бағдарламалардың тұрақсыздығы, суармалы жер телімдерінің игерілмеуі сынды барлық аймаққа ортақ мәселе мұнда да бар. Жамбыл облысына барған сенаторлар шаруалармен кездесіп, түйткілді мәселелерін тыңдады. Аймақта «Береке» бағдарламасы бойынша соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылған. 1,7 млн. теңге бөлініп, мал бордақылау алаңдары салынды. Бұл бағытта субсидиялау тоқтатылған. Өңірде өндірілетін ет өнімдерінің 70 пайызы осындай жеке қосалқы шаруалардың еншісінде екенін ескерсек, субсидиялауды тоқтату тиімсіз. Жұмысты жалғастыру үшін облыстық бюджеттен бөлінген 500 млн. теңге жетпейді. «Агробизнес–2020» бағдарламасы бойынша кәсібін кеңейтпек болғандардың да мәселесі шешілмей тұр. Басты себеп – басталған бағдарламалардың соңына дейін жеткізілмеуі. Шаруа қожалықтарын аралап, кәсіпкерлердің жайын көзбен көрген сенаторлар алдағы уақытта тиісті ұсыныстарын жеткізбек. 

Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Субсидиялау мәселесі бойынша тұрақтылық керек. Ережелер жиі өзегереді. Бір бекітілген бағдарлама бойынша басталған жұмыс соңына жетпей, басқа ережелер шығады.

Хабарламаларға жазылу