Көпшілігінде меймандарға арналған ақпараттар мен ас мәзірі тек ресми тілде жазылған. Мемлекеттік тілде берілуі тиіс мәліметтер қабырғаға ілінген көрнекіліктерде де жоқ. Арнайы комиссия мекеме басшыларына бір айдың ішінде кемшіліктерді жою туралы ескерту берді. Алдағы уақытта шаһардағы жекеменшік балабақшалар мен мектептерде сондай-ақ, емханаларда «Тіл туралы» заң талаптарының сақталуы тексеріледі.
Ақылбек Рысқалиев, Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
- Басым бөлігінде орыс тілінде жазылған. Акцияның өтуі барысында қаралған нысандардың басшылықтарын қатыстыра отырып, түсінік жұмыстарын жүргіздік.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.