«Нұр Отан» партиясының білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «IT мамандарды дайындау» жобасы аясында Успен ауданы орталығындағы №3 мектепте IT сыныбы ашылды. Бұл жерде оқушылар бағдарламалау және робототехника негіздері бойынша тереңдетілген білім алады. Негізгі оқыту бағдарламасынан бөлек, халықаралық білім үлгілерін қолдану қарастырылған. Одан бөлек IT сыныпта дәріс беретін мұғалімдерді бастапқы дайындықтан өткізу курстарына жіберу жоспарланып отыр. Бұл цифрлық сауат игерген балалардың заманауи технологияларды бір кісідей меңгеруіне жол ашпақ.
Есен Инербаев, Павлодар облысы Успен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Біздің болашаққа, біздің балаларымызға, жастардың дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Алдымызда ең кемінде тағы 4 мектепте осындай кабинеттер ашу жоспары бар.
Болат АМАНБАЕВ