Елімізде жеткіншектер арасындағы қылмыс азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жеткіншектер арасындағы қылмыс азайған

29.05.2018

Қазақстан – Орта Азиядағы балаларға арналған әділ сот жүйесіне көңіл бөліп отырған жалғыз мемлекет. Сондай реформаның нәтижесінде 2009 жылдан бері бас бостандығынан айырылған балалар саны 449-дан 2017 жылы 49-ға дейін кеміген. Жеткіншектер арасындағы қылмыстар да едәуір азайыпты. Бірақ, оларға қатысты физикалық әрі психологиялық қысым әлі де бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қоры мен Еуропалық Одақ және біздің Үкімет бірлесіп, сол мәселені түпкілікті зерттеп, түбегейлі шешуге кірісіп кеткен. Мамандардың пайымдауынша, елімізде балаларға қатысты жақсы заңдар қабылданып жатыр. Бірақ, заңның белгілі бір нормалары іске асырылмайды. 

Асқар Шәкіров, ҚР Адам құқығы жөніндегі өкілі:

- Кәмелет жасына толмағандарды толық қадағалау жоқ. Мысалы, олар интернетке еркін кіре береді, зиянды сайттарды қарап жапа шегіп жатады. Міне, мұндайда ата-ана балаларын бақылауы тиіс. Сот тәжірибесінде ондай жауапкершіліктің жоқтығы көрінеді. Осы сынды мәселелерді конференцияларда пысықтап, шешу жолдарын қарастырамыз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу