«Өзекті мәселелер дәстүрлі достық рухындағы дипломатиялық келіссөздер арқылы шешілуі тиіс». Осылай деген Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай парламентінің вице-спикері Айлигенг Имингбахай бастаған делегацияны қабылдады.
Сенат спикері Президенттің алдағы Қытайға сапары және оның Циндаодағы ШЫҰ саммитіне қатысуы екіжақты қатынастарға жаңа серпін болатынын атап өтті. Тараптар ол кездесулерде барлық мәселелер тиімді келісім, өзара сенім және дәстүрлі достық негізінде шешілетініне сенім білдірді.
Индира БЕГАЙДАР