Түркияда өтіп жатқан Қазақстан күндері аясында қос тарап арнайы меморандумға қол қойды. 1 миллионнан астам халқы бар аудан Ақтөбенің даму қарқынына қызығып отыр. Екі жақ енді медицина, құрылыс, жол салу және ауыр шаруашылығы саласындағы байланысты нығайта түседі. Сондай-ақ, қаланы дамыту мен безендіру бағытында да тәжірибе алмасады. Түрік елінің бизнесмендері де қалаға инвестиция құюға қызығушылық білдіруде. Айта кету керек, Кечиорен – Түрік елінің ең ірі әрі дамыған аудандарының бірі.
Қуандық Қасымов, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:
- Екі жақтың қарым-қатынасын, туыстық байланысын көрсетеді. Жалпы, Ақтөбеге инвестиция құйып жатқандар көп. Үлкен зәулім ғимараттар салынып жатыр.